Submitted by AdminAF on Бс, 06/29/2023 - 15:33

Қазақстанда микрокредиттің негізгі үш түрі бар десе болады:
1. Классикалық микрокредиттер – жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімге берілетін микрокредиттер. Заңнамаға сәйкес максималды рұқсат етілетін микрокредит сомасы – бір қарыз алушыға 20 000 АЕК (69 000 000 теңге).
Микрокредиттің максималды мерзімі шектеусіз. Тәжірибе жүзінде мерзім 6-айдан (кепілсіз микрокредиттер бойынша) 25 жылға дейін (ипотека, лизинг). Мұндай микрокредиттер бойынша сыйақының максималды рұқсат етілген жылдық мөлшерлемесі банктік қарыздар секілді 56%-ды құрайды.
2. Жалақыға дейінгі микрокредиттер (PDL) – жеке тұлғаларға қысқа мерзімге берілетін микрокредиттер. Заңнамаға сәйкес мұндай микрокредиттік максималды мерзімі – күнтізбелік 45 күнге дейін және максималды мөлшері – 50 АЕК-ге (172 500 теңге) дейін. Микрокредиттің ерекшелігі – ресімдеу ыңғайлылығы (онлайн) және жоғары артық төлем сомасы.
3. Ломбардтық микрокредиттер – жеке тұлғалар қойған жылжымалы мүлік түріндегі кепілдікке сәйкес берілетін микрокредиттер. Әдетте ломбардтар кепілге немесе кепілдікке алтын мен әшекей бұйымдарды, көліктерді, техниканы (смартфонды, ноутбукті) қабылдайды. Максималды мерзімі 12 аймен шектелген, ал максималды мөлшері 8 000 АЕК-дан (27 600 000 теңге) аспауы тиіс.