Skip to main content

Сұрақ

Терминал арқылы қолма-қол ақшамен, банктік аударыммен немесе банктік картамен. Өтеудің тәсілдері туралы толығырақ ақпаратты сайттың «Қалай қайтаруға болады?» тарауынан біле аласыз.

Микрокредитті ресімдеп, оны банктік шотқа аудару Сіздің банктің жұмыс жылдамдығына байланысты банктік уақыт кезінде 1жұмыс күннен 3 жұмыс күнге дейін жүзеге асырылады. Сонымен бірге алушы банк ақша аударымды келесі жағдайларда қабылдамай, оны қайтаруы мүмкін: 1) егер банктік шот иесінің деректері  микрокредитке өтінімді берген Клиенттің деректері сәйкес келмесе; 2) егер Клиент әлеуметтік жәрдемақыны алуға арналған өзінің арнайы шотын көрсетсе.

Телефонды қосып, өшіріп көріңіз.
Әдетте одан кейін жеткізілмеген СМС телефонға келеді. Сонымен бірге телефонның теңгерімін және кіріс хабарламаларды баптауды (қысқа нөмірлерден СМС-ті қабылдау мүмкіндігінің бұғатталмағандығын) тексеруге кеңес береміз.
Егер СМС келмесе, өтінім нысанындағы тиісті сілтемені басып, кодты қайтадан алыңыз. Егер проблема шешілмесе, қолдау көрсету қызметіне жүгініңіз.

Клиенттің әрбір өтінімін мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешімді қабылдайтын Bastai автоматтандырылған скорингтік жүйесі өңдейді. Автоматтандырылған скоринг, мысалы, банктік қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің болуы, сондай-ақ шешімді қабылдауға тікелей әсер етпейтін түрлі факторлардың жиынтығына негізделе отырып, өтінімді мақұлдамауы мүмкін.
Мақұлдамаудың кеңінен таралған себептері – теріс кредиттік тарихтың болуы, төмен табыс деңгейі, тиісілі емес жасы, клиент бойынша теріс ақпараттың болуы және т.с.с.

Онлайн-тіркеу мен биометриялық сәйкестендіруден өту, сауалнаманы толытырып, банктік шоттың немесе картаның нөмірін көрсету жеткілікті. Қажетті соманы 10 минут ішінде аласыз.

Микрокредитті алу үшін смартфон немесе ноутбук, байланыс үшін ағымдағы ұялы телефон нөмірі, сонымен бірге банктік шот немесе банктік карта қажет.

Bastai қарыз алушыларына қойылатын негізгі талаптар: 
- Қазақстан Республикасының резиденттігі;
- жасы өтінімді ресімдеу сәтінде 22-ден үлкен емес және микрокредит мерзімі аяқталған сәтте 70 жастан аспауы тиіс.

Біздің микрокредитіміз Қазақстанда қолжетімді барлық кредиттік өнімдердің артықшылықтарынан тұрады, атап айтқанда: 1) сыйақының төмен мөлшерлемесі және банктердегідей өтеу кестесі, бұл ретте комиссиялар қарастырылмаған; 2) онлайн ресімдеу ыңғайлылығы мен шешімді жылдам қабылдау; 3) кепілдік ққамтылым бойынша талаптар, құжаттар мен анықтамаларды ұсыну қажеттілігі жоқ. 

Айырмашылығы тек қана клиентпен өзара әрекеттесу нысанында. Онлайн микрокредиттерді әлемнің кез келген нүктесінен қашықтықтан, тіпті үйде, жұмыста немесе шетелде демалыста болған кезде ресімдеуге болады.

Қазақстанда микрокредиттің негізгі үш түрі бар десе болады:
1. Классикалық микрокредиттер – жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімге берілетін микрокредиттер. Заңнамаға сәйкес максималды рұқсат етілетін микрокредит сомасы – бір қарыз алушыға 20 000 АЕК (69 000 000 теңге).
Микрокредиттің максималды мерзімі шектеусіз. Тәжірибе жүзінде мерзім 6-айдан (кепілсіз микрокредиттер бойынша) 25 жылға дейін (ипотека, лизинг). Мұндай микрокредиттер бойынша сыйақының максималды рұқсат етілген жылдық мөлшерлемесі банктік қарыздар секілді 56%-ды құрайды.
2. Жалақыға дейінгі микрокредиттер (PDL) – жеке тұлғаларға қысқа мерзімге берілетін микрокредиттер. Заңнамаға сәйкес мұндай микрокредиттік максималды мерзімі – күнтізбелік 45 күнге дейін және максималды мөлшері – 50 АЕК-ге (172 500 теңге) дейін. Микрокредиттің ерекшелігі – ресімдеу ыңғайлылығы (онлайн) және жоғары артық төлем сомасы.
3. Ломбардтық микрокредиттер – жеке тұлғалар қойған жылжымалы мүлік түріндегі кепілдікке сәйкес берілетін микрокредиттер. Әдетте ломбардтар кепілге немесе кепілдікке алтын мен әшекей бұйымдарды, көліктерді, техниканы (смартфонды, ноутбукті) қабылдайды. Максималды мерзімі 12 аймен шектелген, ал максималды мөлшері 8 000 АЕК-дан (27 600 000 теңге) аспауы тиіс.

Микрокредит пен қарыз – ұқсас түсініктер. Айырмашылығы келесідей: микрокредитті микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, ал қарызды банк береді. Осыған байланысты олардың шарттары түрлі болуы мүмкін, алайда мәні бір, яғни тұтынушылардың қажеттіліктерін қаржыландыру.

Соманы таңдаңыз

500 000 тг

300 000 1 000 000

Мерзім

15 мес.

6 месяцев 24 месяца